ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
ҚР ҚМ МКК, Алматы қаласы бойынша МКД тапсырмаларын, сондай-ақ басшылықтың нұсқауларын уақытылы және сапалы орындайды, өз құзіреті шегінде салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіреді (ауызша және/ немесе жазбаша түрде), сондай-ақ Басқарма басшылығына міндетті түрде ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндірмелер береді, қызметтің жекелеген түрлеріне тақырыптық тексерулер жүргізеді, заңды мекен- жайларына зерттеу актісін жүргізеді, ұсынылған құжаттар бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге қарсы салықтық тексеру жүргізеді, акцизделетін тауарларды өндіру мен айналымға бақылауды күшейту мақсатында акциздерді әкімшілендіру, сондай-ақ салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді уақытылы алуды, акциздік постарға бақылауды жүзеге асырады, КҚС әкімшілендіру, кірістерді алуға байланысты, салық төлеушінің табыстарын және іс жүзіндегі шығыстардың нақты түсуін анықтау үшін хронометраждық зерттеулер жүргізеді, салық заңнамасының сақталуына қатысты салық төлеушілерден келіп түскен арыз[1]шағымдар мен өтініштерді қарастырады, құқық қорғау және жоғары тұрған органдарының тапсырмалары мен нұсқаулары бойынша ақпараттардың уақтылығы мен сапасына жауап береді, ҚҚС әкімшілігі, оның ішінде жалған кәсіпорындардың құрылтайшылары мен басшыларын іздестіру, жарамсыз тіркелген деп тану үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыздарды дайындау және беру немесе қылмыс жасағаны туралы фактілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау үшін жалған кәсіпкерлер бойынша құжаттарды құқық қорғау органдарына беру, ҚР ӘРПК сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін сақтайды, ақпараттық қауіпсіздік саясатын қадағалайды, ақпараттық қауіпсіздік техникалық құжаттамасының талаптарын орындайды, жалпыға ортақ әдеп нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, «БҚА»(ОДО), «Е-Өтініш» бағдарламаларымен істейді, бөлімде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізеді, мемлекеттік және заңмен қорғалған басқа да құпияларды сақтайды, салық төлеушілер туралы салық құпиясын қатаң сақтайды.
Штаттық кестеге сәйкес, бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
k.alipbaeva@kgd.gov.kz
- Алматы қаласы, Шолохов көшесі, 14
-
8(727)221-58-45