ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша МКД Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы
Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Тұрақты камералдық бақылауды жүзеге асыру, салық заңнамасын түсіндіру. Хабарламаның қойылған реестрі бірыңғай деректер қоймасындағы қосымша құн салығы және салықтың басқа түрлері бойынша камералдық бақылаудың автоматтандырылған жіберілімдерінің нәтижелерімен жұмыс жасау. Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу. Заңды тұлғалар бойынша нақты түсімді белгілеу мақсатында хронометражды бақылау жүргіз. ҚР ҚМ СК төрағасының 15.09.2012 жылғы №404, Алматы қаласы бойынша СД-нің 11.03.2012 жылғы бұйрықтарымен бекітілген «Жалған кәсіпкерлік белгілерін анықтау және жою» тәртібіне сәйкес шаралар жүргізу, жалған кәсіпорын және мемлекеттік тіркеуі сотпен жарамсыз деп танылған кәсіпорындардың контрагенттеріне шаралар қолдану, резидент емес тұлғаларға төленетін табыстардан түсетін салықтарды әкімшілендіру. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғау туралы шешім қабылдау. Сотқа қатысу және барлық сот инстанцияларында Басқарманың мүдделерін білдіру. ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі мен мерзімін сақтау. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша мемлекеттік, мемлекеттік емес, сонымен қатар құқық қорғау органдармен қарым-қатынас жасау. Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің, басқарма басшылығының тапсырмаларын, бақылау құжаттарын уақытылы және сапалы орындауға, құжаттардың сақталуына және қызметтік құпия болып саналатын ақпараттың жариялануына жол бермеуге тікелей жауап беру. Біріктірілген ақпараттық салықтық жүйесі (БАСЖ), Орталықтандырылған бірыңғай жеке шоттары (ОБЖШ), Салықтық есебін өңдеу жүйесі (СЕӨЖ) ақпараттық жүйелеріне мәліметтерін уақтылы енгізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру;
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функионалдық блогына жатады (3 грейд)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ar.rakhimova@kgd.gov.kz
- Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95, 408-кабинет
-
8(727)267-69-10