Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Кедендік әкімшілендіру басқармасы Интеграцияланған бақылау және кедендік инфрақұрылым бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Түркістан облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

«А- БЛОГЫ»  Бөлімнің құзыреті шегіндегі сұрақтар бойынша өзіне орындауға жүктелген Мемлекеттік кірістер комитетінің, Департамент басшыларының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындайды. Комитет және Департамент басшылығынан келіп түскен тапсырмалардың тиісті түрде және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 «Кедендік тексеріп қарау және қарауды жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Кедендік тексеріп қарау және қарау жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізілген кедендік жете тексерулерге бақылау жасайды.Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша Департамент кеден бекеттерінің қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді. Кеден бекеттеріне Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жүргізу және ұйымдастыру бойынша әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.  Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағынан тауарлардың шығарылуы, тауарларды және көлік құралдарын кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруға қатысты жұмыстарды, ұйымдастырады және жүзеге асырады. Еуразиялық экономикалық одағы кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты, кедендік бақылау және кедендік операцияларын жүргізуге өкілетті кеден бекеттерінің қызметіне бақылауды жүргізеді. Интеграциялық бақылауды қолдану, көліктік және санитарлық-карантиндік бақылауды жүргізу, кедендік операцияларын жүргізу уақыты мен технология мәселелері бойынша және Бөлім құзырына кіретін басқа мәселелер бойынша кеден бекеттерінің қызметін үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2024 – 28.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 60 МБ

Сұхбаттасу күні

02.04.2024

Сұхбаттасу орны

Түркістан қаласы Жаңа қала м/а 11 көше 32 ғимарат

Анықтама алу үшін байланыс

8(725-33) 5-76-78