ҚР-ның ҚМ-гі МКК-нің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманы, ДГД-07-1-13, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

С-О-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Салық және басқа да міндетті төлемдердің құзырлы мемлекеттік органдар бекіткен формалар бойынша есептелуіне және төленуіне, оларды толтыруға түсініктемелер беруге, салық және басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуін және уақытылы бюджетке түсуін, зейнетақылық жарналардың жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытылы түсуін анықтайтын құжаттарға тексерістер жүргізу. Қолданылып жүрген заңдарға сүйене отырып салық төлемшінің мүлкіне ( тұрғын үйден басқа) түгендеу өткізу, пайда алу үшін пайдаланылатын өндірістік, сауда сақтау қоймалары және басқа да салық объектілеріне, олардың орналасқан жерлеріне қарамастан зерттеу жүргізу. ҚР коммерциялық, банкілік және басқа да заңмен қорғалатын құпиялар мен мәліметтерді жариялау талаптарын ескере отырып, тексерілуші салық төлеуші-заңды тұлға жөнінде банкілерден және банкілік операциялардың кейбір түрлерін іске асыратын мекемелерден салық төлемшінің банкілік есеп-шоттары жөнінде қаражаттардың қозғалысы және қалдығы жөнінде мәліметтер алу."А" блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.08.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.08.2023 – 07.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Ақтөбе қаласы, Қобландин көшесі 7, 306 кабинет

Анықтама алу үшін байланыс

8(7132) 97-21-67