ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы
Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Астана қаласы
223272
Жалпы біліктілік талаптары
C-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жоғары білім немесе жоғары оқу орнынан кейінгі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Бекітілген аумақта салық төлеушілердің СЕН камералдық бақылауын жүргізуді қамтамасыз ету. Камералдық тексеру нәтижелері бойынша салық төлеушілерге камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынылған хабарламалар тізімін деректерді біртұтас сақтау ақпраттық жүйесінде хабардар етуді қамтамасыз ету. Ұсынылған хабарламалар тізімін деректерді біртұтас сақтау ақпраттық жүйесінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметті жүзеге асыру тәртібінде көзделген барлық қажетті шараларды қабылдасын. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін және жалпыға бірдей декларациялау бойынша болжамдық көрсеткіштерді сөзсіз орындау бойынша барлық шараларды қабылдауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсатта салық төлеушілерге салық түсімдерінің динамикасы тұрғысынан талдау және мониторинг жүргізеді. Есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етілген салық есептілігі бойынша салық төлеушілердің дербес шоттарында салық төлеушілердің дербес шоттарының дұрыстығына және орналастырылуының болуына бекітілген аумақ бойынша түгендеу жүргізеді. Бекітілген учаске бойынша негізсіз артық төлем сомасын пысықтайды, артық төлемнің себептерін талдайды, артық төлеуге жол бермеу үшін барлық шараларды қабылдайды, негізсіз артық төлеу фактілерін жояды. Салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпеу туралы салық төлеушілерге хабарламалар жібереді, сонымен бірге БСАЖ АЖ-де тиісті мәртебелерді қояды. Тіркеу деректерінде көрсетілген салық төлеушінің нақты орналасқан жеріне салықтық зерттеу жүргізеді. Кәсіби деңгейін жүйелі түрде жоғарылатады. Салық заңнамасы саласында салық төлеушілерге кеңес беру. Өтініш берушінің (Өтініштің тікелей жауапты орындаушысы ретінде) Өтініштері бойынша қабылданған мәселелер мен шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға міндетті. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Өзіне бекітілген компьютерлік техниканың және мүкәммалдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Салық кодексінің талаптарына сәйкес салық құпиясын сақтауға міндетті. Басқарманың жоғары тұрған лауазымды адамдары өз өкілеттіктері шегінде жүктеген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым «А» функционалдық блогына жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.rakhimbekova@kgd.gov.kz, n.syzdygalina@kgd.gov.kz
- Астана қаласы М.Әуезов көшесі, 34
-
8 (7172) 22-60-65