Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС әкімшілендіру және аудит бөлімінің бас маманы С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 13 тамыз 2025 жылға дейін
Маңғыстау облысы бойынша МКД
Маңғыстау облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
ҚҚС бойынша салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін дұрыс есептеуін және өз уақытында орындауын қамтамасыз ету, ҚҚС әкімшілендіру тәсілдерін жетілдіру бойынша, ҚҚС бюджетке өз уақытында және толық түсуін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асырады; салық төлеушілердің есеп шоттарындағы артық төлемдердің жағдайы бойынша қаржылық тәртіптің сақталуына бақылау жасап, есеп шоттарға талдау жүргізеді, ҚҚС бойынша дебеттік қалдықтың төмендеуі бойынша жұмыстар жүргізеді және мүмкін болған жағдайда ҚҚС есепке жатқызудың негізділігі мәселесі бойынша тақырыптық тексерулер жүргізеді; салық заңдылықтарын түсіндіру, соның ішінде, түсіндіру хаттары бойынша қанағаттандырарлық жұмыстарын жүргізеді; салық төлеушілердің ҚҚС қайтару бойынша талабына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізеді; бұрын оңайлатылған түрде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын растау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізеді; тексеріліп жатқан салық төлеушінің тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсеткен тікелей жабдықтаушыларына және де АМКО келіп түскен сұратулар бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізеді; ҚҚС сомасын растау және ТБЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша сұратуларды орындауды жүзеге асырады, ТБЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша АМКО келіп түскен сұратуларды орындау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына салық төлеушілердің мекен-жайы бойынша жолдайды; салықтық тексеру кезінде анықталған салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден әдейі жалтарған қылмыстық белгілері бар материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына тергеу жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес процессуальды шешім шығару үшін жолдайды; салықтық тексеру кезінде анықталған жалған және күмәні бар келісімдер жасалған фактілер анықталған жағдайда материалдарды заң басқармасына әрі қарай келісімді жарамсыз деп тану жөнінде сот органдарына талап беру үшін жолдайды; басшылықтың тапсырмаларының белгіленген мерзімде сапалы орындайды; салық заңдылықтарын сақтау бойынша салық төлеушілерден келіп түскен шағымдарды және өтініштерді қарайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат
-
8(7292)30-13-10 /1185