ҚР ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Жетісу» басқарма басшысы - кеден бекетінің жетекші маманы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

C-O-6 (Кеден бекетінің жетекші маманы)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің  Бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – КО СЭҚ БТН), КО СЭҚ БТН 3403, 27 тобына жататын тауарларға кедендік ресімдеуден басқа, жеке және заңды тұлғалармен Қазақтан Республикасы және Кеден одағының кеден шекарасымен тасымалданатын тауарларға кедендік тазалауды жүзеге асыру; ақпараттық технологиялар жүйесін қолданып, тауарларды кедендік тазалауға және декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру (соған қоса, алдын ала және мерзімдік, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарды кедендік декларациялау, сондай-ақ кедендік декларацияға тауарларды шығарғанға дейін өзгерістер мен толықтырулар енгізу және т.б.); кедендік бақылау нысаны мен объектісін анықтау үшін тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып кедендік бақылау жүргізу; тауарларды кедендік рәсімге орналастыру және олардың аяқталуына қолданылатын шарттардың орындалуын бақылауды жүргізу; ақпараттық технологиялар жүйесін қолданып, Кеден одағының тауары мәртебесін алмаған тауарларға кедендік ресімдеу кезінде қолданылатын шарттардың орындалуына кедендік бақылауды жүргізу; ақпараттық технологиялар жүйесін қолданып, кедендік рәсімге орналастырылып, қолданылуы аяқталынбаған тауарларға есеп жүргізу; соның ішінде ақпараттық технологиялны қолдану арқылы, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалармен тасымалданатын жеке пайдалануға арналған және тағы басқа да тауарларды кедендік тазартумен байланысты операцияларды жүзеге асыру; Кеден одағының кеден шекарасымен тасымалданатын тауарлаға қатысты кедендік іс саласында тыйым салулар мен шектеулерді сақтауға кедендік бақылау жүзеге асыру; Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөнінде шаралар қолдану; тарифтік реттеу шараларын және тарифтік преференцияларды ұсыну, кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептелгенін, кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін, олардың мемлекеттік бюджетке толық түсуін қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру; тауарларды шығаруды көздейтін кедендік рәсімдерге орналастырылған (экспорт, реэкспорт және т.б.) тауарлардың нақты шығарылуына тауарлар мен көлік құралдарының контрабандасы мен кеден ережелерінің бұзылуын анықтау, фиксациялау және ашу мақсатында Департаменттің  құрылымдық бөлімшелерінде кедендік бақылаудың кедендік құралдарын тиімді пайдалануды жүзеге асыру мақсатында бақылау жасау; жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды тасымалдауға байланысты кедендік тазартуға және кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жүзеге асыру; халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы тасымалданатын тауарларға бақылау жүргізу.

    Штаттық кестеге сәйкес бұл лауазым "А" функционалдық блогына жатады (4 грейд)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.02.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.02.2023 – 20.02.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: максималды рұқсат етілген файл өлшемі 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 93/95

Анықтама алу үшін байланыс

8(727) 267-15-62