Самар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, СБжӨАБ-1-1, СБжӨАБ-1-2, 2 бірлік, А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-R-4 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Салық төлеушілердің құжаттарын қабылдау,өндеу және беру жұмыстарын жүргізу. Тіркеу есебіне  тұру туралы куәлік береді және банктан әкелінген  ақпараттардың өндеу жұмыстарын жүргізеді. Салық төлеушілердің  жеке шоттарының  автоматтық және ақпараттық жүйедегі түскен сомаларын бақылайды, өкілетті органдарымен салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бекітілген түрлер бойынша  белгіленген мерзімде есептерді құрастырып, талдап жібереді. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтаруды жүзеге асыру, салық төлеушілердің жеке шоттарын жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;  Салық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің уақтылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету; қолданыстағы банкроттық туралы заңнаманың сақталуын қадағалап, дәрменсіз борышкерлерді банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдану;  артық төлемдер бойынша іс-шаралар жүргізу және берешекті өндіріп алу; Жергілікті салықтарды санау, есептеу және жинау  жұмыстарын жүргізу. Бақылау тапсырмаларын  белгіленген уақытында ұсыну. Салықтық заңдар  сұрақтары бойынша ауданның салық төлеушілерімен  көпшілік – түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа функцияларды жүзеге  асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.11.2022 – 01.12.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 Mb

Сұхбаттасу күні

06.12.2022

Сұхбаттасу орны

индекс 070000, Өскемен қаласы, Пермитина көшесі 27 Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232) 24-46-25, 61-11-96