Электрондық кеден
KEDEN — қазіргі заманғы микросервистік жүйе, ол қолданыстағы 3 жүйені (АСТАНА - 1, Е-Терезе, ТАИС) алмастырды.
Жүйені енгізуден күтілетін әсерлер кедендік рәсімдерді цифрландыру мен автоматтандыруды қамтиды, бұл кедендік операциялардың өту мерзімдерін қысқартуға, негізгі процестерді электрондық форматқа көшіруге, ақпараттық жүйелер интеграциясы арқылы қағаз құжат айналымының көлемін азайтуға мүмкіндік берді.
Негізгі жетістіктерге келетін болсақ, KEDEN-де мына функционалдың іске қосылуы жақсы нәтижелер көрсетті:
- Қорғас ШЫХО жеке пайдалануға арналған тауарларды есепке алу: процесс 100% цифрландырылған;
- Экспресс-жүктер: бұрын кедендік декларациялау қағаз түрінде болатын;
- КТжС қамтамасыз ету, тауарларды сақтау: процестер толық цифрландырылған;
- Интеграцияланған бақылау: «бір терезе» қағидаты бойынша аралас қызметтермен жұмыс істеуге арналған функционал (кеден, ветеринариялық, фитосанитариялық, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа қызметтер);
- Алдын ала ақпараттандыру және транзит: алдын ала ақпараттандыруды транзиттік декларацияға автоматты түрде түрлендіру жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы тауарларға арналған декларацияларды пайдалана отырып, кедендік декларациялаудың толық циклі жүзеге асырылды. Келесі кезеңде жүйені одан әрі дамыту жоспарлануда, бұл тауарларды шығарғаннан кейінгі бақылау, кедендік сараптама, кеден бекеттерінің жұмысын талдау құралдарын іске асыруды, СЭҚ ТН анық кодын анықтау үшін жасанды интеллект қолдануды қамтиды.