«Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында бизнес-процесстерді автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 629 бұйрығына Пресс-релиз

Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың 2023 жылғы 1 қарашадағы № 12-18/4661 «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында (бұдан әрі – «Қорғас» ШЫХО) проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді және бекітілді.

Бұйрықтың мақсаты«Қорғас» ШЫХО-на келушілеріне қолайлы жағдай жасау, жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуі кезінде бизнес-процесстерді жеңілдету.

Пилоттық жобаны жүргізу кезінде багажды қабылдау, беру, тасымалдау, тиесілі төлемдерді төлеу процесстерін автоматтандыру көзделеді.

«Қорғас» ШЫХО аумағы Пилоттық жобаны іске асыру аумағы болып табылады.

Жеке тұлғалардың Пилоттық жобаға қатысуы ерікті негізде жүзеге асырылады.

Осы бұйрық 2024 жылғы 3 қаңтардан бастап күшіне енеді.