«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері» пилоттық жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері» пилоттық жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасарының м. а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу 2023 жылғы 28 наурыздағы № 32132) бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Пилоттық жобаның негізгі мақсаты «жалған» тұлғаларға тіркелген салық төлеушілердің жалған электрондық шот-фактураларды пайдалану және жазып беру фактілерін болдырмау үшін ЭШФ АЖ-да тіркеу кезінде «Digital ID» сервисін пайдалана отырып, биометриялық сәйкестендіруді пайдаланып және биометриялық сәйкестендіру құралдарын қолданып, кәсіпкерлік субъектілері мен жеке тұлғаларды ЭШФ АЖ-да тіркеу тәртібін айқындайды, ол заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолын кесудің тиімді құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында Пилоттық жоба 2023 жылғы 20 наурыздан бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында ЭШФ АЖ-да тіркелетін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты іске асырылады.

Пилоттық жобаның шеңберінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек дербес деректер субъектісінің жазбаша нысанында келісімі болған кезде ғана өңделетін пилоттық жобаға қатысушыны сәйкестендіру үшін биометриялық деректерді (цифрлық фотосурет) пайдалану көзделініп отыр.

Пилоттық жобаға ЭШФ АЖ пайдалану туралы келісімге қол қойған және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып ЭШФ АЖ-да тіркелген тұлға қатысады.

ЭШФ АЖ шаруашылық жүргізуші субъектінің не жеке тұлғаның басшысы туралы деректердің уәкілетті органның нормативтік-анықтамалық ақпаратында орналастырылған тіркеу деректерімен және Қазақстан Республикасы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «цифрлық бейін» платформасында  ЭШФ АЖ тіркеу кезінде пайдаланушының биометриялық деректерінің түпнұсқалығы бөлігінде орналастырылған деректермен сәйкестігіне тексеру жүргізеді (did.gov.kz).

Нормативтік құқықтық актіні (бұдан әрі - НҚА) әзірлеу Салық кодексінің 152-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілді. НҚА іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.