«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы бұйрық жобасына пресс-релизі

«Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару және қосылған құн салығының асып кеткен сомасының анықтығын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын, сондай-ақ тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы бұйрық жобасына пресс-релизі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі №135-VII ҚРЗ заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен  Салық кодексінің 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасындағы бірінші бөлігіне «айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлерлік субъектілері» деген сөзді «айырбастау кезіндегі шикізатты экспорттаушылар» деген сөзге ауыстыру бөлігінде нақтылайтын түзету енгізілген.

Сондай-ақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы  № 165-VII заңымен Салық кодексінің 434-бабына ҚҚС асып кетуін қайтару мерзімін қысқарту бөлігінде 155 күнтізбелік күннен 75 жұмыс күніне дейін, сондай-ақ халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде жанар-жағармай материалдарын өткізетін салық төлеушілерді кеңейту бөлігінде  салық кодексінің 388-бабына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, жер үсті қызметтерін көрсететін жеткізушілер қосылды.

Жобаны әзірлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын, 431-бабының 2-тармағын және 388-бабын іске асыру үшін жүргізілді. 

Жобаны іске асыруда республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Іске асырудың мақсаты, қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын және тәуекел дәрежесінің өлшемшарттарын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту болып табылады.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба 2023 жылғы 24 қаңтарда Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (http://legalacts.egov.kz).

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 7 ақпан.