«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасына ПРЕСС – РЕЛИЗ

«Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау қағидаларын және оған қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы  5 сәуірдегі № 368 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы»

Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының               2-тармағына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасы 2024 жылғы 5 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15078070) орналастырылған.

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 20 маусымға дейін.