«Жібек жолы» жаңғыртылған өткізу пункті өткізу қабілетін едәуір арттырады

Жарияланған күні: 10 шілде 2026

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Қазақстан–Өзбекстан шекарасындағы ең ірі жолаушылар автомобиль өткізу пункті – «Жібек жолы» өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстарының барысын тексерді.

Жаңғырту аяқталғаннан кейін өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті:

70 мың адамға дейін (бұрын – 17 мың);

2 000 жеңіл автокөлікке дейін (бұрын – 400);

200 автобусқа дейін (бұрын – 20) артады.

Осы мақсатта екі заманауи жолаушылар терминалы салынып, кедендік және шекаралық бақылауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар, бейнебақылау жүйелері орнатылуда, сондай-ақ көлік құралдарын тексеруге арналған үлкен шатыр салынуда.

Қазіргі уақытта нысанда екі ауысымда 270 құрылысшы жұмыс істеуде.

Тексеру қорытындысы бойынша жобаны белгіленген мерзімде аяқтау үшін құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне қатаң бақылау жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.