Ұлы мереке Жеңіс күні қарсаңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері 16 тыл ардагеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Жарияланған күні: 12 мамыр 2026

Бұл соғыс жылдарында жанқиярлық еңбегімен Жеңісті жақындатқан жандарға деген шынайы алғыс пен құрметтің белгісі. Тыл ардагерлері сол қиын кезеңде өндірістің, ауыл шаруашылығының және елдің тіршілік инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосты.

МКК қызметкерлері ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік жиынтықтарын табыстап, жылы лебіздері мен алғыстарын жеткізді. Ең бастысы – ардагерлерге көңіл бөліп, қамқорлық пен шынайы құрмет көрсетті.

Ардагерлерді қолдау, аға буынға құрмет көрсету және тарихи жадымызды сақтау – баршамызға ортақ маңызды құндылық.

Ерліктеріңіз үшін мың алғыс! Ешқашан ұмытпаймыз, әрдайым мақтан тұтамыз!