"Кеденмен" жұмыс істеу мәселелері бойынша қолдау қызметі!

Жарияланған күні: 08 мамыр 2026

Telegram мессенджерінде «KEDEN» АЖ жұмысы бойынша тәулік бойы қолдау қызметі жұмыс істейтінін еске саламыз (https://t.me/kedenkgdgovkz).

Чатты спам-боттар мен фишингтік хабарламалардан қорғау мақсатында жаңа қатысушыларды автоматты тексеру жүйесі қосылған.

Чатқа қосылған кезде келесі әрекеттерді орындау қажет:

- General бөліміне өту;

- бот жіберетін қарапайым арифметикалық тапсырмаға жауап беру;

- жауапты 30 секунд ішінде жіберу.

  Тексеру автоматты түрде жүргізіледі және бірнеше секунд қана уақыт алады.

  Чатқа кіру үшін Telegram іздеу жолына енгізіңіз:

kedenkgdgovkz

  Боттан келетін хабарлама үлгісі:

«(1 + 8) Руслан, көрсетілген уақыт ішінде осы чатқа арифметикалық тапсырманың дұрыс жауабын жіберіңіз, әйтпесе чаттан шығарылатын боласыз.»

  Дұрыс жауапты жіберу қажет: 9.

Қосымша түрде қолдау қызметіне келесі электрондық пошта арқылы хабарласуға болады:

keden_support@kgd.minfin.gov.kz

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!