Қазақстан мен Қытай шекарада өткізу қабілетін арттыруға келісті

Жарияланған күні: 30 мамыр 2025

2025 жылғы 23 мамырда «Нұр жолы» (ҚР) «Қорғас» (ҚХР) өткізу пункттерінде Қазақстан мен Қытай делегацияларының бірлескен жұмыс сапары өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев, Қытай делегациясын ҚХР Бас кеден басқармасының министрі Сунь Мэйцзюнь басқарды.

Сапар Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру және Қытай бағытындағы үлкен кезек мәселелерін шешу қажеттілігі шеңберінде ұйымдастырылды. 2025 жылғы 21-22 мамырда Орталық Азия мен қытай кеден қызметтері басшыларының кездесуінде бірлескен инспекциялау уағдаластығына қол жеткізілді

Сапар барысында делегация басшылары өткізу пункттерінің қазақстандық және қытайлық бөлігін аралап, «Нұр Жолы» мен «Қорғасты» қоса алғанда, шекараның екі жағындағы инфрақұрылымды тексерді.

Министр Сунь Мэйцзюнь сондай-ақ «Нұр Жолы» өткізу пунктінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін және Қазақстанның электрондық кезек жүйесін жоғары бағалап, оның тасымалдау процесінің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттырудағы рөлін атап өтті.