Жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері

Жарияланған күні: 13 қаңтар 2021

Жалпыға бірдей декларациялау ҚР Салық кодексінің                           71-тарауында көзделген және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, ол 4 кезеңде енгізілетін болады.

Бірінші кезең. Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бұл кезеңде мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары қамтылатын болады.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары үшін бастапқы декларациялау көзделген.

Үшінші кезең - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларациялаумен заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары қамтылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап төртінші кезең - халықтың қалған санаттары үшін жалпыға бірдей декларациялауға толық көшу.