Жалпыға бірдей декларациялаудың 1-кезеңі (2)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121–VI Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – қолданысқа енгізу туралы Заң) сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің «Жалпыға бірдей декларациялау» 71-тарауы қолданысқа енгізілді.
Қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының негізінде жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңімен енгізіледі.
Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізу туралы Заңның 45-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсыру жылының 1 қаңтарында мынадай жеке тұлғалар болып табылатындар тапсырады:
жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) тапсырады;
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндеттелген тұлғалар.