Жеке тұлғалардың активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру тәсілдері (2)
Декларация тұрғылықты (болу) жері бойынша электронды түрде – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.
Декларацияны тапсыру мерзімдері келесі декларация тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;
- мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайы (зайыбы);
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болғысы келетін тұлғалар.