Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың экспорты (импорты) үшін салық нысандарын қабылдау

Жарияланған күні: 13 қаңтар 2021

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш

 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша өтінішті, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірмей қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не электрондық нысанда ғана ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішпен бір мезгілде салық органына Салық кодексінің 456-бабының 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш электрондық нысанда ғана ұсынылған кезде 456-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.