Астанада темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

Астанада темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар өтті

        2025 жылдың 31 қазанында Астанада Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің қатысуымен темекі өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес және мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.
          Іс-шараға Мемлекеттік кірістер комитетінің, аумақтық кірістер департаменттерінің, таңбалау жөніндегі цифрлық жүйелер операторларының, сондай-ақ бизнес және салалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
          Тараптар мемлекет пен бизнестің бірлескен шараларының елеулі нәтиже беріп отырғанын атап өтті: өткен жылмен салыстырғанда темекі өнімдері бойынша акциздер түсімі 21%-ға өсті, бұл бюджетке қосымша 35,6 млрд теңге кіріс әкелді, ал өндіріс көлемі 46,5%-ға артты.
          Кездесу барысында көлеңкелі нарықтың серпіні, заңсыз айналым арналары және бақылаудың цифрлық құралдары, оның ішінде ақпараттық жүйелердің интеграциясы мен мобильді қосымша таныстырылды. Ерекше назар аналитикалық жұмысты күшейтуге, таңбалауға және деректерді нақты уақыт режимінде синхрондауға аударылды.
          Мемлекеттік кірістер комитеті ашықтық пен бизнестің қатысуына негізделген саясатты ұстанатынын атап өтіп, нормативтік базаны жетілдіру, шекара маңындағы өңірлерде бақылауды күшейту және заңсыз айналымды тоқтатудың цифрлық тетіктерін дамыту бойынша алдағы жоспарларын белгіледі.
          Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы темекі өнімдерінің өркениетті және ашық нарығын қалыптастыруға, бюджетті және адал нарық қатысушыларын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүйесіне қоғамның сенімін арттыруға бағытталған.

 

Оқиға күні

19 қараша 2025

Оқиға түрі

Кездесу