«Salyq кэшбэк пилоттық жобасы және фискалдық чектерді талап етуге ынталандыруға бағытталған басқа да іс-шаралар» туралы ММК ала4ында өтетін баспасөз конференциясы
Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді «Salyq кэшбэк пилоттық жобасы және фискалдық чектерді талап етуге ынталандыруға бағытталған басқа да іс-шаралар» туралы өтетін баспасөз конференциясына қатысуға шақырамыз.
Спикер: Шынберген Ерқанат — ҚР ҚМ МКК-нің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы.
Уақыты: 2025 жылғы 30 шілде сағ.11:00-де
Өтетін орны: Астана қ., Жеңіс д., 11, 4-қабат, 404а-кабинет, конференц-залы.
БАҚ өкілдерінің аккредитациясы үшін 2025 жылғы 29 шілде сағат 19.00-ға дейін 8708-125-76-10 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
МКК «Salyq кэшбэк» жобасын жалғастыруда
2025 жылғы 15 наурыздан бастап Мемлекеттік кірістер комитеті «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты:
🔹 Азаматтық белсенділікті арттыру,
🔹 Құқықтық мәдениетті қалыптастыру,
🔹 Фискалдық чектерді алуды ынталандыру,
🔹 Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту.
📌 Жобаның мәні:
Әрбір азамат микро немесе шағын бизнес өкілінен ККМ арқылы фискалдық чек алған жағдайда, сатып алу сомасының 2%-ы мөлшерінде кэшбэк ала алады. Ол үшін:
1. Фискалдық чекті алу
2. «Amian» қосымшасында сканерлеу
3. Айына 20 000 ₸ дейін сыйақыны картаға немесе мобильді шотқа алу қажет.
📈 Бірінші кезеңнің нәтижесі (Семей, Ақкөл):
✔ Чектер саны 2 есе артты
✔ Чектер бойынша жалпы сома 32%-ға өсті
📍 2025 жылы қосылған жаңа өңірлер:
➡ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары
🔜 Қосылуы күтілуде:
✔ Талдықорған қаласы (Жетісу облысы)
📊 2025 жылғы шілде айындағы көрсеткіштер:
🔹 12 378 азамат жалпы сомасы 62,6 млн ₸ кэшбэк алды
🔹 Чектер саны 13%-ға, ал сома 18%-ға артты
🎯 «Amian» қосымшасы арқылы басқа да акциялар іске асырылуда:
1️⃣ «Чек талап ет — сыйлық ұтып ал!» — 60 000-нан астам жеңімпаз
2️⃣ «Бәйге» — ең көп чек жинағандарға 100 000 ₸
3️⃣ Halyk Bank-пен бірлескен акция — ай сайын 100 000 бонус
📲 «Amian» қосымшасы App Store және Google Play-де қолжетімді.
30 шілде 2025
Пресс-конференция