"Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисі

Құрметті салық төлеушілер!

 

Сіздер үшін әзірлеуші жиынтығы қолжетімді, ол өзінде келесілерді қамтиды:

·               "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисі бойынша құжаттамасын;

·               " Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" API сервисі бойынша XML форматында  сұрау үлгісін;

·               XSD форматындағы өзара іс-қимыл пішімдері;

·               SoapUI үшін "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі"  API сервисінің жобасын құрайды.

API сервисі қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1-қадам:

Әзірлеушінің жиынтығынжүктеп алу.

2-қадам:

SoapUI пакетінде салық төлеушінің жеке шоттарында төленген соммалары туралы мәлімет ұсыну қызметі бойынша жобасы орналасқан XML файл жүктелген. Жобаны ресми сайтта жүктеуге болатын SoapUI-де ашу керек. Жобаны ашқаннан кейін әдіс пен сервисті сипаттау сілтемелерін табу қажет.

1-сурет - "Салық төлеушінің жеке шоттарында төленген сомма туралы мәлімет ұсыну қызметі" жобасын қарау

 

2-сурет-қалыптастырылған сұрауды қарау

3-қадам:

Аутентификация және сұрау үшін тиісті деректерді толтыру (сервис адресі, сервиске қосылу үшін токен). Бұдан әрі қалыптасқан сұрауды іске қосу қажет. Сұраныстың сәтті өңделуінің нәтижесі - алынған жауап-хабарлама болып табылады.

Назар аударуыңызды сұраймыз,  жүйеде шектеу орнатылған: бір токен бойынша бес секунд ішінде үш сұрау ғана қабылданады.

Жарияланған күні

19 сәуір 2019

Жаңарту күні

25 ақпан 2020

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты