«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндет жүктелген тұлғаларға арналған ЖАДЫНАМА

Человек работает с финансовыми документами, используя калькулятор и ноутбук на деревянном столе.

  Кандидаттар мен олардың жұбайлары (бұдан әрі - Кандидат) тіркелгенге дейін кандидатқа ұсыну мерзімі айының бірінші күніндегі жағдай бойынша тұрғылықты (болған) жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынады. 

      Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтер:

  • құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік:

     жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, "өзен – теңізде" жүзетін кемелер;

     көлік құралдары, арнаулы техника және (немесе) тіркемелер;

     шетелдік банктік шоттардағы жиынтығында 1000 АЕК-тен асатын сомадағы ақша;

  • ҚР-дағы және (немесе) оның шегінен тысқары жердегі мүлік және міндеттемелер:

     тұрғын үй құрылысындағы үлес;

     Қазақстан шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;

     бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

      цифрлық активтер;

      инвестициялық алтын;

     зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;

     10 000 АЕК шегінде қолма-қол ақша;

     шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;

     құны 1000 АЕК-тен асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (бағалау құны болған кезде);

     мынадай:

      - жеке тұлғалар арасында нотариат куәландырылған шартпен;

     - жеке және заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер, оның ішінде бейрезидент болып табылатындар арасындағы салыстырып тексеру актісімен және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартпен;

     - заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық/ кредиторлық берешек.

      Декларацияны толтырар алдында тиісті растайтын құжаттарды алдын ала дайындау ұсынылады:

     - декларация тапсырылғанға дейін (15 қыркүйекке дейін) бірлігінің құны 31.12.2025ж. жағдай бойынша 1000 АЕК-тен асатын мүлікті тәуелсіз бағалаушыға (қалауы бойынша) бағалату;

    - нотариустарда қарыз шарттарын (СК 423-бабының 2-тармағы) (банктік қарыз шарттары декларацияда көрсетілуге жатпайды), сондай-ақ олардың аяқталуын (орындалуын) куәландыру.

      МАҢЫЗДЫ!!!

      Декларация толтырылғанға дейін декларациялауға жататын мәліметтердің анықтығын мынадай сайттарда дербес тексеру қажет:

     1) Бағалы қағаздар бойынша https://sso.kacd.kz;

     2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz/kz/; https://www.gov.kz/services/3910?lang=kk;

    3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

    4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

    5) дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарызды нотариат куәландырған шарт) болуы бойынша Республикалық нотариаттық палатаға сұрау салу жіберу.

      Егер мәліметтер дұрыс болмаса, тікелей:

     бағалы қағаздар бойынша – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ;

     үлестік қатысу бойынша – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне;

     авторлық құқық бойынша – ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК;

     сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша – «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ 1414»;

     қарыз шарттары бойынша – Республикалық нотариаттық палатаға хабарласуыңыз керек. 

     Декларацияны ұсыну тәсілдері:

  • Электронды түрде:

     «Салық төлеуші кабинеті» (СӘИЖ АЖ) Мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы арқылы https://knp.kgd.gov.kz/signin;

  • Келу тәртібімен қағаз жеткізгіште мынадай тәсілдердің бірімен:

      Мемлекеттік кірістер органдарына;

     Халыққа қызмет көрсету орталығына;

      тапсырыс хатпен пошта арқылы.

     Сұрақтар туындаған кезде 1414 байланыс орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша салық органдарына хабарласыңыз.

Жарияланған күні

07 тамыз 2026

Жаңарту күні

10 тамыз 2026