Жеке пайдалануға арналған тауарлар бойынша ТОП-сұрақтар
Көру саны:134
-
- Сұрақ: Менің автокөлігімнің Қазақстан Республикасында кедендік декларациялаудан өткені туралы ақпаратты қалай алуға болады?
Жауап:
Көліктің Қазақстанда кедендік рәсімдеуден өткен-өтпегенін өзіңіз тегін тексере аласыз.
Ол үшін «Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларға арналған бірыңғай терезесі» порталының басты бетіне кіріп, «VIN-код бойынша көлік құралының кедендік рәсімдеуден өткенін тексеру» сервисін таңдаңыз.
Содан кейін көліктің VIN-кодын енгізіп, нәтижесін алыңыз.
Порталда тіркелудің қажеті жоқ.
- Сұрақ: Автокөлігімді кедендік рәсімдеу кезінде жолаушылар кедендік декларациясын толтыру барысында VIN-код қате көрсетілген болса, декларациядағы мәліметтерді түзетуге бола ма?
Жауап:
Иә, тауарлар шығарылғаннан кейін жолаушылар кедендік декларациясына өзгерістер енгізуге болады.
Ол үшін жолаушылар кедендік декларациясын ресімдеп, тауарларды шығаруды жүзеге асырған Мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш беру қажет.
Өтініш қаралғаннан кейін, негіздер болған жағдайда декларацияға тиісті түзетулер енгізіледі.