2026 жылғы 16-18 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

Жарияланған күні: 28 қаңтар 2026
Жаңарту күні: 28 қаңтар 2026
Көру саны:2009
Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.