Электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысандарын бекіту туралы
Электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органының шешімдері нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 6 қазанындағы № 573 бұйрық. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 қазанында № 37084 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 49-бабының 4-тармағының төртінші бөлігіне, 81-бабының 1) және 3) тармақтарына, 82-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, 88-бабының 3-тармағына, сондай-ақ 142-бабының 1), 5) және 10) тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарлама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұру туралы шешім нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтата тұрудың күшін жою туралы шешім нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламаны орындамаған салық төлеушімен өзара есеп айырысу фактісі туралы хабарлама нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның іс жүзінде жасалғанын растау туралы хабарламасы орындалмаған деп танылған салық төлеушімен өзара есеп айырысу фактісі туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
- Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
178
13 қазан 2025 15:26
18 қараша 2025