ҚР Қаржы министрінің 04.08.2025 жылғы № 419 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10760 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:
9-тармақтың отыз төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Теңге бағамы» деген 35-бағанда кіріс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің ресми бағамы көрсетіледі.»;
10-тармақтың отыз төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
««Теңге бағамы» деген 35-бағанда шығыс танылған күнге келісімшарт (шарт) валютасына теңгенің ресми бағамы көрсетіледі.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
24 желтоқсандағы № 1104 «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 18034 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Трансферттік баға белгілеу бойынша еларалық есептіліктің нысанын толтыру қағидаларында:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер халықаралық топтың қатысушысы қаржылық есептілікті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген валютадан өзгеше валютада жасайтын болса, онда халықаралық топтың осындай қатысушысының қаржылық көрсеткіштері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының
3) тармақшасында айқындалған валютаның орташа арифметикалық ресми бағамын қолдана отырып шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау валютасында қайта есептеледі.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
|
Е. Биржанов |
Әділет министрлігінде 06.08.2025 ж. № 36577 болып тіркелді
506
13 тамыз 2025 16:04
03 қыркүйек 2025