«Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21383 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
208
Жарияланған күні
28 мамыр 2024 08:13
Жаңарту күні
28 мамыр 2024
Түрі
Бағыттар