«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
Қаулы жобасы
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
- Мыналар:
- Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері;
- Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
- Осы қаулының 1 және 2-тармағында көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі үшін көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдарының тізбесінде:
мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:
«53-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Алатау қаласы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:
«80-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 80-2-тармақпен толықтырылсын:
«80-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Марқакөл ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
206-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 227-1-тармақпен толықтырылсын:
«227-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мақаншы ауданы бойынша қазынашылық басқармасы.»;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:
«49-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 211-1-тармақпен толықтырылсын:
«211-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Үлкен Нарын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 214-1-тармақпен толықтырылсын:
«214-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Марқакөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 261-1-тармақпен толықтырылсын:
«261-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 268-1-тармақпен толықтырылсын:
«268-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.».
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
64
14 мамыр 2024 17:07
14 мамыр 2024