«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32088 болып тіркелген) мынадай өзгерту енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
|
М. Такиев
|