Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 73 бұйрығы " Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы"

Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары     С.М. Жұманғариннің 2023 жылғы 22 қыркүйекте бекіткен Тауарлар қозғалысының барлық кезеңінде (әкелу, өндіру, өткізу) оларды жан-жақты бақылау мақсатында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сыра қайнату өнімдерін таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - пилоттық жоба) жүргізудің әдістемелік ұсынымдары

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары (жол картасы) бекітілсін.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ж.Ж. Дүйсембиев):

1) 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде пилотты жүргізуді қамтамасыз етсін;

2) жүргізілген пилоттық жобаның нәтижелері туралы есепті 2025 жылғы 31 наурызға дейінгі мерзімде ұсынсын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                   М. Такиев

 

Жарияланған күні

25 ақпан 2024 20:06

Жаңарту күні

25 ақпан 2024

Түрі