«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 139) және 140) тармақшалармен толықтырылсын:
«139) осы бұйрыққа 139- қосымшаға сәйкес патент құнын есептеу нысаны (911.00 – нысан);
140) осы бұрыққа 140-қосымшаға сәйкес «патент құнының есебі (911.00 - нысан)» салық есептілігін жасау ережесі.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Патент құнын есептеу
(911.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырсын:
«1-1. Бұл нысан 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқасандағы дейін туындаған құқықтық қатынасиарға қолданылады.»;
Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 139 және 140-қосымшалармен толықтырсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
474
14 желтоқсан 2023 15:29
14 желтоқсан 2023