«Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31705 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 8-тармағының күші 2023 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
98
30 қараша 2023 16:59
30 қараша 2023