«Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 256 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 6988 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы»;
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қоса беріліп отырған биоотын айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 19 мамырдағы
№ 256 бұйрығымен бекітілген
нысан
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
20__ жылғы « ___» ____ № _____
__________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Сізге __________________________________________________________________
_______________________________________________________ хабарлайды.
(биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы)
бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі_____________________________________________________________
биоотын айналымы саласында жол берілген, 20___жылғы «___» ___________ анықталған бұзушылықтар туралы_________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ хабарлайды.
(бұзушылықтың мазмұны)
Заңның 22-бабына сәйкес биоотын нарығының қатысушысы, осы хабарлама табыс етілген (алынған) күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде орындауға міндетті. Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.
Мемлекеттік кірістер
органының басшысы
(Басшының орынбасары) _____________________________ ______
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (қолы)
Мөр орны
Хабарламаны алдым_________________________________________ _______________________________________________________________
(биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы, қолы, күні)
Хабарлама тапсырылды_______________________________________
_____________________________________________________________
(биоотын нарығына қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе атауы, қолы, күні)
_______________________________________________________________ __________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, күні)
Хабарлама биоотын нарығының қатысушысына жіберілді
Мекенжайы: _________________________________________________________________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісі туралы растайтын құжат)
250
12 қазан 2023 10:46
12 қазан 2023