«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы №294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы №294 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушының – Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 наурыздағы № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32132 болып тіркелген), мынадай өзгерістер енгізілсін және қосымша:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. ЭШФ АЖ биометриялық сәйкестендіру құралдары мынадай жағдайларда:
1) салық төлеушіні ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеу кезінде салық төлеуші басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылатын, Келісімге қол қою кезінде;
2) тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижелері бойынша айқындалатын салық төлеуші басшысының не уәкілетті жеке тұлғаның ЭЦҚ куәландыратын ЭШФ АЖ қатысушысы ЭШФ жазып берген кезде пайдаланылады»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. ЭШФ АЖ жазып берілген ЭШФ бойынша биометриялық сәйкестендіру күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде бір реттен артық емес және осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайларда күнтізбелік ай ішінде 7 (жеті) реттен артық емес жүргізіледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректер сәйкес келген кезде ЭШФ АЖ операторы:
- салық төлеушіге ЭШФ АЖ қатысушысы мәртебесін беруді;
- ЭШФ тіркеу нөмірін өңдеуді және беруді жүзеге асырады.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етеді.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Т.А.Ж. |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
451
20 қыркүйек 2023 17:24
20 қыркүйек 2023