«Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26923 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 20 (жиырма) фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға:
1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін жеті жүз он теңге;
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті жүз жетпіс теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Лауазымы | Аты-жөні |
25