ЕФЭО мүше мемлекеттермен ҚР Мем.шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ қарап-тексеру және жете тексеру актілерінің нысандарын бекіту туралы
27.03.2023ж.№295
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру актісінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеру актісінің нысаны бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Е. Жамаубаев |
39
28 сәуір 2023 23:15
28 сәуір 2023