«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығын күші жойылды деп тану туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
|
Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК город Астана
от 28 февраля 2023 года № 66/НҚ
|
|
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Астана қаласы
2023 жылғы 28 ақпандағы № 66/НҚ
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
2023 жылғы 28 ақпандағы № 217
|
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы
арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен
бұйрығын күші жойылды деп тану туралы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 239 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы № 47 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16531 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
____________ Е. Жамаубаев
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
________________ Б. Мусин
|
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі __________Б. Мусин
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев
|
39