Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы қағидаларын, сондай-ақ осындай шешімдердің нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімнің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні
Бұйрыққа 1-қосымша
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактураларды жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электронды нысанда шот-фактуралардың (бұдан әрі – ЭШФ) жазып берілуін шектеу (бұдан әрі – Шектеулер туралы шешім) және осындай шектеуді жою туралы шешімдерді (бұдан әрі – Шектеуді жою туралы шешім) шығару тәртібін айқындайды.
- ЭШФ «Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №370 бұйрығына сәйкес жазып беріледі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 18583 болып тіркелді.
2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім шығару тәртібі
- Шектеу туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабында белгіленген тәртіппен, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанында салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.
3-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім шығару тәртібі
- Шектеуді жою туралы шешімді Хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанда салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.
- Шот-фактуралардың электрондық нысанда жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдер шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінің ішінде электрондық тәсілмен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне, веб-қосымшаға, пайдаланушының «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұйрыққа 2-қосымша
нысан
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім
20___жылғы «____»_________ №___
________________________________________________________________
(МКО атауы) ____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тұлғасында
(МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабына сәйкес (қажетті мәлімет толтырылады):
МКО камералдық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі жоғары деп анықталған, «__»______ 20__ жылы табыс етілген, «__»________ 20__ жылғы № _________ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмауына байланысты;
немесе орындалмаған деп тану туралы 20__ жылғы «__» ________ № ______ шешімге байланысты:
ШЕШІМ:
салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуі шектелсін.
__________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы, (ЖСН/БСН)
____________________________ ___________________
____________________________ ___________________
(басшысының (уәкілетті адамның) мемлекеттік кірістер
қолы) органының мөрі
Шешімді алдым:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда))
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.
Бұйрыққа 3-қосымша
нысан
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім
20__жылғы «___»_________ №___
__________________________________________________________________ (МКО атауы) ____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тұлғасында (МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабына сәйкес:
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы 20__ жылғы «__»________
№ _______ шешім шығарылған, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы 20__ жылғы «__»________ № _______ хабарламаның орындалуына байланысты,
ШЕШІМ ЕТТІ:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы,
____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН)
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып беруін шектеу жойылсын.
____________________________ ___________________
(басшысының (уәкілетті адамның) мемлекеттік кірістер
қолы органының мөрі
Шешімді алдым:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда))
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.
68
03 ақпан 2023 12:30
03 ақпан 2023