"Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салықтық жүктемесі коэффициентінің шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 339 бұйрығы
Өтініш уәкілетті органда тіркелген күнге соңғы үш жылдағы
салықтық жүктемесі коэффициентінің
шекті мәнін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 532-бабы 1-тармағының 10) тармашасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәні деп түсінілетін уәкілетті органда өтініш тіркелген күнге соңғы үш жылдағы салық жүктемесі коэффициентінің шекті мәні бекітілсін.
Бұл ретте салықтық жүктеменің орташа салалық коэфициенті мәнінің есебі әрбір күнтізбелік жыл үшін жеке жүргізіледі.
- Салық жүктемесі коэффициентінің орташа салалық мәнінің есебі «Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
20 ақпандағы № 253 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16518 болып тіркелген) бекітілген Салық органдарында дара кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген және жеке практикамен айналыспайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларының
3 және 4-тармақтарымен көзделген тәртіпте айқындалатындығы белгіленсін. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 15.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22548 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 29.03.2021 09:34:56, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 13.04.2021 15:13:44, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Қаржы министрлігі - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев, 14.04.2021 11:11:06, положительный результат проверки ЭЦП
251
16 сәуір 2021 00:00
16 сәуір 2021