«Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 629 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР ҚМ 2026 жылғы 21 қазандағы № 713

БҰЙЫРАМЫН:
- «Темекі өнімдерін таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32743 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темекі өнімдерін таңбалау кезінде қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісінің, сәйкестендіру құралының құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бір бірлікке 2,66 теңге мөлшерінде айқындалсын.».
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызмет департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
|
М. Такиев |
25
05 қараша 2026 14:57
05 қараша 2026