Алатау резидентінің және (немесе) оның өзара байланысты тараптарының қаржылық тұрақтылық қағидатын бұза отырып Алатау резидентінің салықтық міндеттемелердің азаюына әкелетін өзара байланысты тараптармен операциясын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Алатау резидентінің және (немесе) оның өзара байланысты тараптарының қаржылық тұрақтылық қағидатын бұза отырып Алатау резидентінің салықтық міндеттемелердің азаюына әкелетін өзара байланысты тараптармен операциясын айқындау қағидаларын бекіту туралы
«Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Алатау резидентінің және (немесе) оның өзара байланысты тараптарының қаржылық тұрақтылық қағидатын бұза отырып Алатау резидентінің салықтық міндеттемелердің азаюына әкелетін өзара байланысты тараптармен операциясын айқындау қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғаш ресми жарияланған күнінен бастап оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қантардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. |
|
Д. Кеңбеил |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 30.10.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 40270 болып енгізілді
19
729
02 қараша 2026 11:57
02 қараша 2026