Жиі қойылатын сұрақтар
- Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- Банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ жарғылық капиталында (акционерлік қоғамдардың акцияларында) 10%-дан астам үлесі бар тұлғалар және олардың жұбайлары;
- Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
- Өзі дербес салық төлеуге жататын табыс алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден түскен табыс; шетелдік банктік шоттардағы сыйақылар; цифрлық активтермен жасалған операциялардан түскен табыстар; төлем көзінен салық ұсталмаған өзге де табыстар), дара кәсіпкердің табысынан басқа;
- Шетелдік банктердегі шоттарында жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын ақша қаражаты бар тұлғалар;
- Шетелде активтері бар тұлғалар (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары, инвестициялық алтын, шетелдік компаниялардағы үлестер, тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері);
- Цифрлық активтерге иелік ететін тұлғалар;
- Салықтық есепті кезең ішінде жиынтық құны 20 000 АЕК-тен асатын мүлікті сатып алған тұлғалар (мысалы: 2025 жылы 1 АЕК = 3 932 теңге, 20 000 × 3 932 = 78 640 000 теңге), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерде де;
- Салық агентіне басқа шегерімдердің алдын ала сомасы түріндегі салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініш берген тұлғалар.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны келесі санаттағы тұлғалар тапсырады:
- Сайланбалы және мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар, сондай-ақ олардың жұбайлары;
- Банктердің, бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушысы мәртебесін алуға үміткер тұлғалар және олардың жұбайлары;
- Жеке практикамен айналысатын тұлғалар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);
- Цифрлық активтері бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері;
- Шетелде мүлкі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттері, оның ішінде:
жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, жер учаскелері;
шетелдік банктердегі шоттардағы ақшалай қаражат, егер олардың жиынтық сомасы 1 000 АЕК-тен асатын болса (2024 жылы 1 АЕК – 3 692 теңге, 1 000 × 3 692 = 3 692 000 теңге);
инвестициялық алтын;
шетелдік компаниялардағы қатысу үлесі;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;
шетелде тіркелген эмитенттердің бағалы қағаздары мен туынды қаржы құралдары;
шетелдік брокерлік шоттардағы ақша қаражаты;
зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
жеке тұлғаның алдында немесе жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы дебиторлық/кредиторлық берешегі (растаушы құжаттар болған жағдайда);
өз қалауы бойынша – бағалау құны 1 000 АЕК-тен асатын өзге де мүлік.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаппай декларациялаудың төртінші кезеңіне жататын халықтың қалған санаттары – зейнеткерлер, жеке сектор қызметкерлері, студенттер, үй шаруасындағы әйелдер және басқа да тұлғалар – міндетті декларациялаудан босатылады.
Бұл ретте шетелде мүлкі бар тұлғалар және мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалардың жұбайлары сияқты азаматтар бұл жеңілдіктен тыс қалды.