Тарифтік емес реттеу шаралары
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – ЕЭК) қабылданған шешімдері, тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға қатысты шешімдері туралы хабарлайды:
- ЕЭК ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 21 шілдедегі № 13-406 шешімдері.
Армения Республикасы 2024 жылғы 30 мамырдағы № 798-Н Үкіметінің қаулысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссияны 2024 жылғы 2 шілдеден бастап алты ай мерзімге Армения Республикасының аумағынан ақ балық уылдырығын әкетуге уақытша тыйым салуды біржақты қолдану туралы хабардар етті..
- ЕЭК ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 24 шілдедегі No 13-408 шешімдері.
Уақытша шараларды енгізу туралы
Армения Республикасы Еуразиялық экономикалық комиссияны Армения Республикасы Үкіметінің мынадай қаулыларының қабылданғаны туралы хабардар етті:
2024 жылғы 30 мамырдағы № 801-N «ЕАЭО ТЖ коды 7112 99 000 0 бойынша сыныпталған автомобиль дыбыс өшіргіштерінің пайдаланылған катализаторларының керамикалық қалдықтарын Армения Республикасынан әкетуге уақытша тыйым салуды қолдану туралы» (2024 жылғы 2 шілдеде күшіне енеді және 2025 жылғы 2 қаңтарды қоса алғанда қолданылады);
2024 жылғы 14 маусымдағы № 901-N «Армения Республикасынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын елдерге бірқатар тауарларды әкетуге уақытша тыйым салуды қолдану туралы» (2024 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 3 қаңтарын қоса алғанда жарамды).
30
24 шілде 2024 18:41
24 шілде 2024