ЕАЭО импорттаушыларының назарына!
ЕАЭО импорттаушыларының назарына!
Жамбыл облысы бойынша МКД Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 530-бабының 2-тармағына сәйкес (әрі қарай Салық Кодексі), ЕАЭО мемлекеттерінің аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеушілер салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей тауарларды импорттау және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішін (328.00 СЕН) тапсыруға және ҚҚС төлеуге міндетті екенін еске салады.
Белгіленген мерзімде міндеттемелер орындалмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 83-бабына сәйкес Республиканың салық заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы хабарлама шығарады. Сондай-ақ өсімпұл есептеледі.
23
docNumber
The State Revenue
Жарияланған күні
23 шілде 2026 10:24
Жаңарту күні
23 шілде 2026
Түрі
Жарияланды
Бағыттар