АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ

Жобаны іске асыру үшін мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауы негіз болып табылады.

"Қаржы министрлігі - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ" жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың ҚР Қаржы министрлігіне және оның құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына сенімін арттыру болып табылады.

Жоба өз қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша келесі салаларда жүзеге асырады:

  • Сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау;
  • Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Көрсетілген салалар бойынша мынадай бағыттар бөлінеді:

  • Сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау
  • салық салу;
  • Кедендік бақылау;
  • Мемлекеттік сатып алулар;
  • мемлекеттік аудит;
  • Экономикалық тергеу қызметі.
  • Сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігіне ішкі аудит жүргізу
  • Қолданыстағы НҚА талдау;
  • ішкі және сыртқы бизнес-процестерді талдау;
  • штат санын оңтайландыру.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
  • қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру;
  • қызмет алушылармен ақпараттық жұмыс;
  • ұжымдардағы салауатты моральдық-психологиялық ахуал.

Жобаны іске асыру тиімділігін бағалау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және өңірлер бөлінісінде сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау жөніндегі әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді.