"Электрондық шот-фактуралар"

"Электрондық шот-фактуралар" жүйесі туралы

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда ерікті түрде шот-фактураларды электронды түрде жазу мүмкіндігі пайда болды.

"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі (ЭШФ АЖ) нақты уақыт режимінде сауда операцияларына қатысушылар арасында шот-фактураларды жазып беру мен алмасуды электрондық түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

API-интерфейсінің болуы ЭШФ АЖ-ны бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша ERP жүйелерімен біріктіруге мүмкіндік береді.

ЭШФ АЖ тіркеу қадамдары:

  1. ХҚКО-да ҰКО кілттерін алу немесе сайтта өтінім беру pki.gov.kz.
  2. ЭШФ АЖ-де тіркеу бойынша қадамдық нұсқаулықты орындау, ол ЭШФ АЖ-дағы жүйенің жоғарғы мәзірінің "Көмек" бөлімінде қолжетімді.

ЭШФ АЖ пайдаланушыларды қолдау қызметінің мекенжайы esfsd@mgd.kz

Өтініштер регламент бойынша рәсімделеді

Маңызды!!!

Заңды тұлғаны ЭШФ АЖ-да тіркеу тек бірінші басшының сертификаттарын пайдалана отырып жүзеге асырылады!

Заңды тұлғаны тіркеу үшін бірінші басшыға ХҚКО-да берілетін Ұлттық куәландырушы орталықтың жеке және заңды тұлғасының сертификаттарын алу қажет.

ШОТ-ФАКТУРАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТҮРДЕ ЖАЗЫП БЕРУ КЕЗІНДЕГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР:

* ЭШФ жазып беру мерзімін 15 күнге дейін ұлғайту.

* ЭШФ шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.

* Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды шығару бойынша құқықтарды беру мүмкіндігі.

* Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ басқару мүмкіндігі.

* Егер барлық шот-фактураларды электронды түрде жазып берсеңіз, сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).

* Барлық шот-фактуралар электронды түрде берілген жағдайда, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08).

* Өнімнің өмірлік циклын көру мүмкіндігі.

Жарияланған күні

22 сәуір 2021

Жаңарту күні

22 сәуір 2021

Қызмет бағыты