Сұрақ Жауап

Суретте Сұрақ және Назар аударыңыз белгілері мен «Сұрақ Жауап» жазуы көрсетілген, ал артқы жағында көгілдір фон және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің эмблемасы бейнеленген.

Сұрақ: Жеке тұлғалар арасындағы қарапайым мобильді аударымдарға салық салына ма?

Жауап: 2026 жылы бақылау кәсіпкерлік кірістің белгіленген критерийлері бір мезгілде болған жағдайда жүргізіледі: жеке тұлғаның жеке банктік шотына қатарынан үш күнтізбелік айдың әрқайсысында 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша түседі және көрсетілген кезеңдегі осындай түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асады.

Осы шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда, салықтық бақылау жүргізу үшін банк мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына бере алады.

Жарияланған күні

17 қыркүйек 2026

Жаңарту күні

17 қыркүйек 2026